Перейти к основному содержанию
Перейти в колонтитул
О колледже
Конкурс
Отчеты
Новости
Контакты
О колледже
Конкурс
Отчеты
Новости
Контакты
87716276772 |
87470649815
Главная
/
Конкурс
Конкурс
«Дулат Жазыбаев тағылымы» атты қалалық ғылыми-зияткерлік конкурс
САЙЫСТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФОРМАТЫ
Зияткерлік сайыс 3 кезеңнен тұрады.
I кезең – «Brain-ring: Заңгерлер шайқасы»
• Логикалық және жылдам ойлау қабілетіне негізделген құқықтық білімді тексеруге арналған сұрақтар қойылады;
• Командалар арасында белсенді бәсекелестік ұйымдастырылады;
• Әр сұраққа жауап беру уақыты шектеулі (15 секунд);
II кезең – «AI & Law» инновациялық тапсырма
• Әр команда жасанды интеллектіні құқық саласында қолданудың оң және теріс аспектілерін қамтитын бейнеролик дайындайды;
• Бейнероликте AI технологияларының қоғамдағы маңызы, артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері дәлелді түрде көрсетілуі тиіс;
• Құқықтық, этикалық және әлеуметтік салдарларына қысқаша талдау жасалады;
• Шығармашылық тәсіл, нақтылық және дәлелді аргументация ескеріледі;
• Бейнероликтің ұзақтығы – 5 минутқа дейін.
IIІ кезең – «Smart Case: үздік құқықтық шешім» (кешенді кейстік-шығармашылық кезең)
• Қылмыстық, азаматтық немесе еңбек құқығы салалары бойынша күрделі, нақты өмірлік жағдайларға негізделген құқықтық жағдаяттар ұсынылады;
• Командалар кейстік тапсырмаларды талдап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес негізделген құқықтық шешім әзірлеп, оны қорғайды;
• Құқықтық нормаларды талдау, заңнаманы іздеу және дәлелдерді негіздеу мақсатында AI-құқықтық ассистенттерді пайдалануға рұқсат етіледі;
• Командалар өз шешімдерін қысқа презентация, инфографика немесе постер форматында ұсынады;
• Шешімдерді бағалау кезінде құқықтық негізділік, дәлелді аргументация, практикалық маңыздылық және инновациялық көзқарас ескеріледі;
• Әр командаға шешімді әзірлеуге және қорғауға белгіленген уақыт: дайындыққа – 10 минут, қорғауға – 5 минут).